Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1412/18
 В Астане наградили лучших иностранных инвесторов

Астанада үздік шетелдік инвесторлар марапатталды

14-желтоқсан күні Қазақстанда инвестициялық қызмет атқарып жүрген шетелдік инвесторларды марапаттаудың жыл сайынғы V салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен бірлесе ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен өтті. 

Шетелдік инвесторларды марапаттау салтанатты рәсімін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев ашты. Іс-шараға инвесторлар, шетел дипломатиялық өкілдіктерінің, іскерлік қауымдастықтар мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Тимур Тоқтабаев атап өткендей, Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап шетелдік инвесторларға қолайлы жағдайлар жасау арқылы экономикалық өсімге бағыт түзеді.

 «Мемлекетіміз инвестициялық климатты жақсарту жұмыстарын атқарғанның арқасында соңғы 13 жылда Қазақстан экономикасына құйылған тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны 300 миллиард долларға жетті», - деді Инвестициялар және даму вице-министрі.

Биыл экономиканың құрылыс, машина жасау, тағам өнеркәсібі секторларында жұмыс істейтін компаниялар үздік шетелдік инвесторлар ретінде танылды.

2018-жылдың үздік шетелдік инвесторлары:

  1. THE LINDE GROUP, Германия (Газ химиялық өнеркәсібі)
  2. SOLARNET, Германия (Жаңартылған энергия көздері)
  3. AIR LIQUIDE, Франция (Газ химиялық өнеркәсібі)
  4. ALSTOM, Франция (Машина жасау)
  5. ЛУКОЙЛ, Ресей (Мұнай химия өнеркәсібі)
  6. PHOENIX GLOBAL DMCC, БАӘ (АӨК)
  7. ECZACIBASI HOLDING, Түркия (ТМК)
  8. DTN, АҚШ (Ақпараттық технологиялар)
  9. CHINA GEZHOUBA GROUP COMPANY LIMITED, Қытай (Құрылыс)
  10. CG Corp Global, Сингапур (Тағам өнеркәсібі)

https://cloud.mail.ru/stock/p6khkAoHbUximkPtr1PBxmSy

https://cloud.mail.ru/stock/p6khkAoHbUximkPtr1PBxmSy

https://cloud.mail.ru/stock/p6khkAoHbUximkPtr1PBxmSy

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Инвестициялар комитеті