Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ДАМУ ҰЙЫМЫ (ЭЫДҰ)

Инвестициялар саласында ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық бойынша анықтама

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (бұдан әрі – ЭЫДҰ) ынтымақтастық шеңберінде ЭЫДҰ-ның Инвестиция комитеті сарапшыларымен Қазақстанның инвестициялық саясатына Екінші шолу өткізілді. Нәтижелері 2017 жылғы маусым айында АЭФ шеңберінде ұсынылды. Осы шолуда ҚР инвестициялық саясатына бірінші шолудың қорытындылар бойынша өткізілген жұмысқа бағалау берілді (1-ші шолу 2011-2012 жылдары өткізілді).

Бұдан басқа, 2017 жылы Егжей-тегжейлі жоспардың жүзеге асырылуы жалғастырылды, ол ЭЫДҰ 12 ұсынымы бойынша негізгі шаралар мен бағыттарды қамтиды.

Атап айтқанда, салық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, инвесторлар үшін көші-қон мәселелерді жеңілдету, әкімшілік кедергілерді одан әрі төмендету бойынша және көптеген басқа да шаралар іске асырылды.

Жалпы, Егжей-тегжейлі жоспарды іске асыру инвестициялық тартымдылықты одан әрі ұлғайтауға және инвестициялық ахуалды ЭЫДҰ елдері деңгейіне дейін жетілдіруге ықпал етті және әлі де ықпал етіп келеді.

2017 жылғы 23 ақпанда ЭЫДҰ Кеңесі Қазақстанның ЭЫДҰ ИК-не кіруі және ЭЫДҰ халықаралық инвестициялар мен көпұлттық кәсіпорындар Декларациясына қосылу туралы оң шешім қабылдады. Осылайша, 2017 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы ЭЫДҰ-ның Инвестициялар комитетіне «қауымдастырылған мүше» ретінде және ЭЫДҰ халықаралық инвестициялар мен көпұлттық кәсіпорындар Декларациясына ресми қосылды.

Бұдан басқа, ЭЫДҰ-ның тәжірибесі мен стандарттарына сәйкес Ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) қызметін жандандыру бойынша жұмыс басталды, оның қызметі көпұлтты кәсіпорындар үшін ЭЫДҰ басшылыққа алынатын қағидаттарының тиімділігін арттыруға бағытталған.

2017 жылғы 16-20 қазанда Париж қаласында Қазақстан ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің отырысына қатысты. Осы іс-шаралар шеңберінде 2017 жылғы 19 қазанда қосылу шарттарына сәйкес инвестициялық ахуалды жеке бағыттары бойынша жақсартудағы прогресі бойынша Қазақстанның «Қауымдастық мүше» ретінде егжей-тегжейлі есебі тыңдалды.

ЭЫДҰ-ның ИК қатысу Қазақстанның инвестициялық саясатының ЭЫДҰ мүше елдерінің жоғары стандарттары мен тәжірибесіне сәйкестігінің көрсеткіші болып табылады, бұл елге инвестиция тартуға оң ықпал етеді. Бұдан басқа, ЭЫДҰ-ның ИК қатысуы инвесторлар үшін ең қолайлы жағдайды қамтамасыз ету бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу мен енгізуге мүмкіндік береді.

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Инвестициялар комитеті